USD
USD
USD

Асқар Мамин: Бизнесті қолдау шараларына 703 млрд теңге бөлінеді

Кәсіп иелері бұл қаражатқа «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Жұмыспен қамту» және Ұлттық банктің несие беру бағдарламасы аясында қол жеткізе алады. Бұл туралы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысында айтылды, деп хабарлайды 24.kz

Асқар Мамин: Бизнесті қолдау шараларына 703 млрд теңге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент тапсырмалары аясында бизнесті кешенді қолдау жоспарын таныстырды. Жаңа өндірістік компаниялар үшін 2 жыл ішінде қосымша құн салығы азайтылады. Қайта инвестициялауға бағытталған табыстың бір бөлігінен корпоративтік табыс салығы алынбайды. Сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қызмет көрсету саласындағы талаптардың үштен бірі алынып тасталады. Еңбекақы төлеу қорына жүктеме де азайтылып, бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Үкімет басшысы «Атамекен» палатасының 13 мыңнан астам кәсіпкерге жүргізген сауалнамасының қорытындысын егжей-тегжейлі зерделеп, бір апта ішінде бизнесті одан әрі қолдау жөніндегі қосымша шараларды дайындауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп

Президент 18 жастағы оқушылардың мектепте оқуына қатысты мәселе көтерді

Халық Кеңесі