USD
USD
USD

Асқар Мамин: 2021 жыл оңай болған жоқ

  ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Асқар Мамин: 2021 жыл оңай болған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен 2021 жылы оңай болған жоқ, алайда еліміз үшін табысты жыл болды – халқымыздың ерік-жігерінің арқасында біз қиындықтарды ойдағыдай еңсеріп, экономиканың негізгі салаларының орнықты өсуін қамтамасыз еттік. Сондай-ақ елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыра алдық.

Биыл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін іске асыру, пандемияның ықтимал жаңа толқынына қарсы тиісті шараларды қабылдау, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту бойынша көп жұмыс атқаруымыз қажет. Біздің ауызбіршілігіміз, еңбексүйгіштігіміз және жарқын болашаққа деген үмітіміз нақты жоспарларымызды жүзеге асыруға, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін! Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, жақындарыңызға амандық-саулық және тың бастамаларыңызға табыс тілеймін! Жаңа жыл әр отбасыға сарқылмас қуаныш пен бақыт нұрын сыйласын!» делінген құттықтауда.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.