USD
USD
USD

Асқар Амрин қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қызметінен кетті. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.

Асқар Амрин қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Бүгін – менің Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі соңғы жұмыс күнім. 5 жыл 4 ай – аз уақыт емес, бұл менің өмірім мен мансабымдағы маңызды кезең. Бірінші кезекте елорда тұрғындарына және қызмет бабымен азаматтарды қабылдауда, қаланы аралауларда, халықтың арасында, «Жанұя» орталығында, объектілерде бірге жұмыс жасаған, тілдескен, мәселелерді шешіскен барша жанға алғысымды айтамын. Бұл – баға жетпес өмірлік тәжірибе.

Мен экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар үлестік құрылыстың проблемалы объектілерінің қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еттім. Проблемалы объект үлескерлеріне айтпағым: біз сіздермен бірге үлкен жұмыс атқардық: объектілердің көпшілігі тапсырылды, үлескерлер өз кілеттерін алды, белгілі бір уақытты қажет ететін құжаттарды рәсімдеу істері ғана қалып отыр. ЕҚК әрі қарай да проблемалы объектілерді аяқтау бойынша өз жұмысын жалғастырады және және сіздер де көптен күткен үйлеріңізге қол жеткізесіздер!» - деп жазды Асқар Амрин.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызмет өзектілігін жоғалтуда екеніне тоқталды.

«Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен еңбек. Мысалы, аудандық инспектор күнделікті өз ауданын аралап, бір қарағанда көзге байқала бермейтін күрделі жұмыс атқарады. Бәлкім өзгеруіміз қажет шығар, ашығырақ болып, тәулік бойы атқарып жүрген жұмысты көбірек жариялау керек шығар, тек популизмнен аулақ болыңыздар. Сізге және отбасыларыңызға шыдамдылық, денсаулық және амандық тілеймін»,- деп толықтырды жазбасын.


 

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов