USD
USD
USD

Асқар Ақаев Қырғызстан парламентінен өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады

Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Асқар Ақаев ел парламентіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап хат жолдады.

Асқар Ақаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тиісті хат 5 қыркүйекте Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және Регламент комитетіне келіп түскен.

Аталған комитет төрағасы, депутат Чолпон Сұлтанбекова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Төраға Нұрланбек Шәкиев Ақаевтың хатын бізге жолдады, мен оны бүгін таңертең алдым. Бірақ бұл жылдам процесс емес. Барлық фракциямен, депутаттармен кеңесу керек. Егер бұл орынды болса, онда мәселе күн тәртібіне шығарылып, шешім қабылданады», - деді Султанбекова. 

Еске сала кетсек, Асқар Ақаев 1990 жылдың 27 қазаны мен 2005 жылдың 11 сәуірі аралығында Қырғызстан президенті болды. Қызғалдақ төңкерісінен кейін (2005 жылы) Жогорку Кенеш Ақаевты «тұңғыш президент» мәртебесінен айырды. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін уақытша үкіметтің жарлығымен ол «экс-президент» мәртебесінен де айырылған болатын. 

2005 жылғы төңкерістен кейін ол Ресей Федерациясына кетті, қазір сол жерде тұрады және ғылыми қызметпен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

ұрлық

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

АХҚО соты

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта