USD
USD
USD

Асырап алған балаларына нәжіс берген емшінің 31 жыл бұрын адам өлтіргені расталды

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды, деп хабарлайды Kazinform.

Емші
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған.

Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты.

Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген.

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген.

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті «Ақпараттық қызмет» жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы «абайсызда адам өлтіру» бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілгені көрсетілген.

Айта кетейік, емшіге сот актісі бүгін жарияланады.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық