USD
USD
USD

Асылхан Мамашұлы: Жас редакторлар білгенін істеп отыр

ХІІ Media құрылтайда «Қазақ медиадағы қазақ тілі мәселесі. Шешімі бар ма?» атты тақырыптың спикері, «Азаттық радиосының» тілшісі Асылхан Мамашұлының пікірі.

Асылхан Мамашұлы: Жас редакторлар білгенін істеп отыр
Фото: NEGE.kz

«Осындай үлкен аудиторияда жиналып алып, «жіктік және көптік жалғауды қалай жалғайды?» деген мәселені талқылап отырмыз. Осының өзі қазақ баспасөзінің қандай жағдайда екенін көрсетеді. «Ана тілінде» Сабыржан Шүкірұлы деген журналист болды. Сол кісі қате сөздерге қатысты құлаш-құлаш мақала жазатын. Қазір де баспасөзге шолу жасасаңыз, сұмдық мысалдарға куә боласыз. Жарты сағатта 30 қате табасыз. Әйтеуір газеттер қал-қадерінше қатесіз шығуға тырысып келеді. Интернет сайттары пайда болғалы басына бір-бір жас редактор отырды да, өз білгенін істеп жүр. Меніңше, жас журналист редакцияға жұмысқа орналасуға келгенде 10 беттік шығарма жазғызып, диктант алу керек. Себебі, тыныс белгілерін білмейтін журналист көп. Сайтта сауатты редактор отыруы тиіс. Мысалы, «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» дегеннен не түсіндіңіз?».   

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарын сайлау: Бас прокуратура үгіт-насихатқа байланысты ескерту жасады

Құрылтай сайлауы

Теңге құнсызданып кетсін. «Alatau City Bank» НЕГЕ қарызын жырымдай бастады?

ACB

Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті

Жедел жәрдем көлігі

Бензин мен дизель әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылмақ

бензин экспорты