USD
USD
USD

«Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды 

Қарасай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстағы 3-ші сырқат 1995 жылы туған, жүктіліктің 21-22 аптасындағы әйел «Асыл Арман» ТК тұрғыны болатын. Мұнан кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталған еді. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде  1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлерімен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті. 
Бүгінгі күні тұрғын үй кешенінің тұрғыны, 1995 жылы туған әйел қайталай анализ алынғаннан кейін  ауруханадан шығарылды, ал 1957 жылы туған тұрғын ем қабылдап жатыр. 
Қарым-қатынаста барлығы 23 адам болғаны анықталып, олардан вирусологиялық анализ алынған, анализ қорытындылары теріс болып шықты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова