Асығыстықты түсіндірген бір адам табылды
Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу тәртібіне өзгерістер мен толықтыру енгізуді көздейтін заң жобасына қатысты қоғамда түрлі көзқарас бар. Ол Мәжілістің жалпы отырысында қабылданып, Сенатқа жіберілді. Осы заң жобасының карантин кезіне қарамастан неге апыл-ғұпыл қабылданып жатқанын түсіндірген бір адам табылып отыр. Ол – саясаттанушы Жанар Төлендинова.
Алматы, NEGE.Оның айтуынша, жобаның маңыздылығы мен өзектілігі оның талқылануы мен қабылдануының карантиннен кейінгі кезеңге ауыстырылмаған себебі бар көрінеді.
«Егер Мәжілісте талқылау кейінге қалса, онда бұл құжат биыл қабылданып үлгермейтін еді. Амал жоқ, 2021 жылға қалдыратын едік. Сосын еліміздегі азаматтық қоғам күздегі саяси маусымға ескірген 1995 жылы митингілер туралы ашық ескірген заңнамамен барар еді. Ал күзде саяси күштер парламенттік сайлау науқанына дайындықты жайлап бастайды. "Митингілер туралы" заң – саяси қоғамдық кеңістікті реттейтін құжаттардың ең маңыздысы. Сондықтан жаңа заң жобасы бүгінге талаптарға сәйкес келуі керек», - дейді саясаттанушы baq.kz-ке берген сұхбатында.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады
«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді
Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин
Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді