USD
USD
USD

Асығыс шешімдер жақсы нәтиже бермейді

Астанада темекі саласының сарапшылар, халықаралық мамандар мен ғалымдардың қатысуымен темекіден зиянды азайту жөнінде конференция өткізілді, сала проблемалары талқыланды. Қазір вейп бизнесіне енгізілгелі жатқан шектеуге байланысты қоғамдық ұйымдар алаңдаушылық білдіруде.

Асығыс шешімдер жақсы нәтиже бермейді
Фото: NEGE.kz

Осы салада қызмет ететін кәсіп иелері, бизнес сарапшылары мұның асығыс шешім екенін, егер вейпке тыйым салынса, оның салдары белгіленген нәтижеге апармайтынын айтады. Еске сала кетейік, осы айда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вейпті біздің елімізде толық тыйым салу жөніндегі депутаттардың заңға енгізіліп жатқан нормасы үкімет отырысында қаралғанын айтқан. Енді пікір екіге жарылуда. Осы ұсынысты қолдаушылар да, қарсылар да бар.

«Tholos Foundation» компаниясының тұтынушылармен жұмыс істеу жөніндегі директоры Тим Эндрюс осы тиымның себебін түсінбейді.

«Мен Австралияда осы мәселемен 7 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Вейп – темекі тұтынуды азайтудың бір амалы. Бұл тек экономикалық қана емес, моральдық мәселе. Себебі, бұл – адам өміріне байланысты мәселе. Біздің білуімізше Қазақстандағы халықтың 20 пайызы темекі шегеді. Адамдардың көбі соның салдарынан ауырып, ауыр дертке шалдығып жатады. Қазақстандағы жаңалықтарға шолу жасай отырып, вейпке қатысты қаншама жалған ақпараттар таратылып жатқанын оқып, жағамды ұстадым. Бұл мәселені біз бес саусақтай білеміз. Керек десеңіз, темекінің орнына вейп ұсыну арқылы біз Қазақстандағы да мыңдаған адамдардың өмірін құтқара аламыз. Біз мұның технологиясын білсек, не себепті одан бас тартуды талқылап жатырмыз. Неге оған тыйым салып жатыр?»

Оның ойынша, вейп те зиян. Бірақ темекі сияқты емес. Ауыр дерт көбіне темекіден келеді.

Бұл жиынға Кэролин Бьюмонт те қатысты. Ол австралиялық дәрігер. Оның айтуынша, адамдар темекіні никотин үшін шегіп, смоладан көз жұмады. Сөзінше, әлемде жылына орташа есеппен 76 млн адам қаза болса, соның 8 миллионының ажалы темекіден келеді екен.

«Темекі қатерлі ісік, жүрек қантамыры, көздің көрмей қалуы секілді алуан түрлі ауруларға апарып соғады. Баланы өмірге әкелетін органдарға да зияны көп. Бізде сол темекі зиянын азайтуға болатын стратегияны қалыптастырсақ, соның бірі темекінің шеттен тыс қолданысын шектеуіміз керек. Электронды темекі, яғни вейптің де адам денсаулығына зияны бар, бірақ ол темекіден қарағанда едәуір аз. Адамдар стресті азайту үшін темекі шегеді. Ал темекіні вейпке ауыстырса қауіп азаяды»

"Біз мұны үлкен қателік деп есептейміз. Неге? Тыйым бәрібір орынсыз деп санаймын, әрі бір жылдан кейін біз осы мәселеге бәрібір айналып қайтып келеміз" дейді, QazSpirits ЗТҚ орындаушы директоры Дмитрий Жуков. Себебі, тиым салу тиімсіз.

"Менің бұл салада жүргеніме бес жылдан асты. Вейпті шектеудің салдары қандай болады? Елде контрафакт, қара базар қарқынының артатыны соншалық, біз онымен күресе де алмай қаламыз. Бұл мәселені реттеудің бірден-бір жолы оны реттеу ғана. Оған қоса вейптерге бірыңғай тыйым күшіне енсе, азаматтардың бәрі кәдімгі темекіге көшіп кетеді"

Мемлекеттік органдар вейпке прагматикалық көзқарас танытпайды деген ойда, «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаменті директоры Еркен Наурызбеков.

«Тыйым салу шаралары әлбетте, мемлекет үшін ғана емес, азаматтардың денсаулығы үшін де кері әсерін тигізері анық. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне де қатерлі. Заң аясындағы бизнеске теріс әсер етеді», - дейді ол.

Жиналғандар тиым салудың орнына екі ұсыныс айтты. Оның бірі – қазір күшінде тұрған тыйымды іске асыру керек. Яғни бүгінгі таңда темекіге енгізілген тыйымның күші вейптерге де жүреді. Яғни сауда сөрелерінде темекі секілді вейптер де жасырын тұрады. Ол балаларға сатылмайды. Екіншіден, ЕАЭО шеңберінде жасақталған техникалық регламент бар. Тек соны сақтаса, вейп мәселесі шешілмек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары