USD
USD
USD

Ashyq жобасына қатысушылар қосымша жеңілдік алады

 Алматыдағы сауда орталығының бірі жобаның көшбасшысы болып танылды.

Ashyq жобасына қатысушылар қосымша жеңілдік алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы екі аптаның нәтижесі бойынша осы сауда орнына келген 2000 адам қосымшаны қолданған. Енді санитарлық дәрігерлер бұл жоба бойынша жұмыс істеп жатқан бизнес иелерін тағы да ынталандыра түспек. Қазіргі жаңа талап бойынша мегаполис «қоңыр қызыл аймақта» болғанына қарамастан жобаның көшбасшылары жұмыс уақытын екі сағатқа ұзарта алады. Бұл жолы көшбасшы болған сауда үйінде 27 қоғамдық тамақтану орны мен 200-ден астам киім-кешек пен тұрмыстық заттар сататын нүктелер бар. Сондай-ақ мұндай мәртебе кинотеатрлардың да тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Айта кетейік, қазір  Алматы қаласы бойынша 108 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасы аясында қызмет көрсетуде.

Бауыржан Сералин, кәсіпкер, Ashyq жобасының көшбасшысы:

– Біз пилоттық жобаға алдымен өз еркімізбен қатысып жұмыс істеп көрдік. Нәтижесі жаман емес. Қазір мемлекет халықтың денсаулығын қорғау мақсатында осы жобаны жүзеге асырып жатыр. Ashyq қазіргі індет кезінде кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл қазіргі жағдайда бизнесті тоқтатпай жүргізудің тиімді жолы.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі