3 Маусым 12:58
...

Ashyq жобасы – Kaspi.kz қосымшасында

Фото:

Kaspi.kz ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жаңа жобаны іске қосты. Қазақстандықтар енді қоғамдық орындарға бару үшін Ashyq қызметін Kaspi.kz қосымшасында пайдалана алады.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Біз елдегі ең танымал супер-қосымша Kaspi.kz-ке инновациялық қызметтерді тұрақты түрде қосып отырамыз. Бүгін біз барлық қазақстандықтарға спорт клубтарына, бассейндерге, кафелер мен басқа да қоғамдық орындарға баруға мүмкіндік беретін Ashyq қызметін Kaspi.kz қосымшасына қосамыз. Біз мемлекетпен серіктестікте сүйікті клиенттерімізге пандемия кезінде белсенді өмір сүруге, ал қазақстандық бизнеске қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып жұмыс істеуге көмектескенімізге қуаныштымыз».

Бағдат Мусин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

«Ashyq қызметі бизнеске пандемия кезінде жұмыс істеуге, ал бізге – сүйікті демалыс орындарына барып, әдеттегі өмір салтымен өмір сүруге мүмкіндік берді. Біз аталған қызмет елдегі ең танымал қосымшаларда пайда болады деп уәде берген едік. Бүгін ол Kaspi.kz клиенттеріне де қолжетімді болды. Біз ел тұрғындары алдындағы жауапкершілікті сезінеміз және бизнесті қорғау мен қазақстандықтар арасында вирустың тарамауына бар күшімізді саламыз».

Жаңа қызметті пайдалану үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR-ды ашып, Ashyq жобасына қатысатын нысан, мекеменің кіре берісіндегі QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Одан кейін смартфон экранында қоғамдық орынға кіру немесе шектеу бары туралы ақпарат пайда болады:

• Қауіпсіз – шектеу жоқ, ПТР-тест теріс;

• Бейтарап – ПТР-тест міндетті орындардан басқа жерге шектеу жоқ;

• Вирус жұқтырғандармен байланысы бар – нысандарға кіруге жартылай тиым салынған;

• Жұқтырған – қоғамдық орындарға кіруге тиым салынады. ПЦР-тест оң.

Егер кіруге рұқсат берілсе, нысан қызметкеріне уақытша рұқсаттаманы көрсетіп, 5 минут ішінде кіру керек.

Өз статусыңызды кез-келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында QR-кодты сканерлеусіз тексере аласыз. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер – Ashyq. Коронавирус бойынша статус» бөліміне кіру керек.

Жоба Kaspi.kz және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуы нәтижесінде іске қосылды. 

Бұған дейін Kaspi.kz командасы цифрлық даму министрлігімен бірлесіп Kaspi.kz супер-қосымшасында ЖК ашу және автокөлікті қайта тіркеу жобаларын сәтті жүзеге асырды.

Тегтер: