USD
USD
USD

Ashyq нысандарына демалыс күндері тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтілді. 28 тамыздан бастап демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады.

Ashyq нысандарына демалыс күндері тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын барлық кәсіпкерлік нысаны 28 тамыздан бастап түнгі сағат 00.00-ге дейін, ал жоба көшбасшылары түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда демалыс күндері бұл нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады.

«Бұл нысандарға демалыс күндері вакцина алғандар немесе 7 күнге жарамды ПТР тесті бар адамдар, денсаулығына байланысты вакцинаға қарсы тұрақты медициналық көрсетілімі бар немесе коронавируспен ауырғанына 3 ай өтпегендер кіре алады. Ал 30 тамыздан бастап, жай күндері «көк» және «жасыл» түсті мәртебесі барларға кіруге рұқсат. Демалыс күндері қайтадан «жасыл» түстілер ғана кіреді. Бұл жағдайдың қанша уақытқа дейін созылатыны әзірге белгісіз. Қызметкерлер де дәл осы талаппен жұмысқа кіреді», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Шектеу шараларын бұзғандарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар жалғасып жатыр. Тамыз айының басынан мониторингтік топтар 1775 нысанды қамти отыра 224 рейд жүргізген. Нәтижесінде 49 тұлға анықталып, оларға 2,9 млн теңге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар