USD
USD
USD

АШМ жиырма төрт зертханасын Денсаулық сақтау министрлігіне береді

 Ауыл шаруашылығы министрлігі 24 ветеринарлық зертхананы 26 ПТР жабдығымен бірге Денсаулық сақтау министрлігіне уақытша пайдалануға береді.

АШМ жиырма төрт зертханасын Денсаулық сақтау министрлігіне береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева айтты. Яғни аудандар мен ауылдық жерлердегі зертхана ғимараттары COVID-19 вирусына қарсы ПТР-зерттеу жүргізу үшін қолданылады. Осыған байланысты еліміздің 11 аймағында орналасқан 24 ветеринарлық лабораторияның нысаналы мақсаты келер айдан бастап белгілі бір мерзімге дейін өзгертіледі. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдық жерлерде диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жылжымалы ветеринарлық зертхана ұсынылады. Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық ветеринарлық зертханадан және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынан 67 білікті маманды іссапарға жібереді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева: "Пайдалануға берілетін барлық тест орыны зертханалардың екінші қабатында орналасады. Олардың жеке кіреберістері, санитарлық қақпалары және биологиялық қауіпсіздік жәшіктері бар. Ветеринарлық зертханалардың бірінші қабатында негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғаса береді. Микроорганизмдердің патогенділігі II-IV топтарымен жұмыс істеу талаптарына сәйкес келеді", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

БЖЗҚ

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Дина Исламбекова, Надежда Рябец

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

қызғалдақ