30 Мамыр 09:44
...

АШМ: Тұрақтандыру қорында 67 мың тонна қант бар

Фото:

 Үкіметте қант бар, бірақ жұрт тапшы дейді.

Алматы, NEGE. Бірқатар өңірде тәтті өнім үшін талас та болды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қорда 67 мың тоннаға жуық шекер барын айтып қалды. Маусымда елдегі тұрақтандыру қорларына 45 мың тоннаға жуық қант жеткізіледі. Мамырда бұл көрсеткіш 30 мың тонна болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар бұл тауарға тапшылық жоқ дейді. Тұрақтандыру қоры мен сауда алаңдарындағы шекер мөлшері 31 мың тоннадан асады. Зауыттарда тағы 36 мың қант құрағы өңделіп жатыр. Ол аз болса, шетелден келе жатқан 16 мың тонна шикізат мәселенің оң шешілуіне ықпал етпек. Құзырлы ведомство бұған сенімді. Бірақ халықтың сұранысы қанағаттанбай жатыр.

Атырау, Орал және Қостанайдағы дүкен сөрелерінде келілеп алатын өнім жоқтың қасы. Мамандар мұны қолдан жасалған әбігер дейді. Қазір министрлік кедергісіз тасымал қамын реттеп жатыр. Бұл үшін темір жол бағыты пайдаланылмақ. Еске салайын, нарықтағы отандық өнім үлесі 40 проценттен сәл асады. Қалғанын Бразилия мен Ресейден алатынбыз. Үкімет күзге дейін 350 мың тонна қант пен қант құрағын баж салығынсыз импорттамақ. Ал өндірісті арттыру үшін қант алқаптарын кеңейтіп, саланы жаңғырту қажет

Тегтер: