АШМ: Азық тапшылығы болмайды
Қыстың қамын жазда ойлаған халқымыз мал мен жан азығына бей-жай қарамаған. Қыстан аман шығып көкке ілінгенше қанша өнім керек алдын ала жинаған. Бұл іс әліге дейін жалғасып келеді.
Бірақ, биыл Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болғаны белгілі. Еккен егіннің біразы суықтан, ыстықтан шықпай қалса, мал азығының өртеніп кеткен кезі де болды. Осыдан кейін ел ішінде «Қазақстан қысқа қаншалықты дайын» деген шартты сұрақ кезіп жүр. Біз де оны білмек үшін Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігіне арнайы сауал жолдадық. Министрлік азық тапшылығы байқалмайды дейді.
– Елімізде төрт түлікке жем-шөп жеткізу әлі де күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Қысқа мал азығын дайындау жұмысының қарқыны қалай? Қазақстандық шаруалар биыл қанша мөлшерде жем-шөп жинайды?
– Ауыл шаруашылығының қыстауын сәтті өткізу үшін облыстарға шырынды және құрама жем мен сабан дайындау жоспары жеткізілді. Зоотехникалық нормаларға сәйкес 23,8 млн.тонна шөп, 1,6 млн. тонна пішендеме, 2,0 млн. тонна сүрлем, 4,8 млн. тонна сабан және 6,0 млн. тонна құнарлы жем дайындау жоспарлануда. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 23,2 млн тоннаға жуық шөп немесе жоспардан 98% (23,8 млн.тонна), 1,5 млн тонна пішендеме немесе 94%, 1,0 млн. тоннадан астам сүрлем немесе 53%, 2,9 млн. тонна сабан немесе 61% дайындалды. Осылайша, азық тапшылығы байқалмайды.
– Маңғыстау, Қызылорда облыстарында қуаңшылық болғанда шөп бағасы 1200-1500 тг дейін көтеріліп кетті. Оны жергілікті шаруалар қымбатсынып жатты. Өзге өңірлердегі саудагерлер де осы бағаны қойып қойды. Министрлік жем-шөп бағасының шектік суммасын белгілеп, бағаны негізсіз көтерген «саудагерлерге» шара қолдана ма?
– Егін жинау жұмыстарын жүргізуге 395 мың тонна көлемінде арзандатылған ЖЖМ бөлінді. Шөп шабу науқанына өз бетінше 41 мың тонна қайта бөлінді. Сондай-ақ, Үкімет шөп дайындауға қосымша 43,6 мың тонна арзандатылған ЖЖМ бөлді. Азық құнын арзандатуға жергілікті бюджет есебінен 5 облыс және Шымкент қаласының (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) әкімдіктері 13,6 млрд.теңге бөлді.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы үшін Үкімет резервінен өңірдің ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд.теңге бөлінді және бүгінгі күні 1,2 млрд. теңге игерілді және 632 ШҚ және 6021 ЖҚШ төленді, Қызылорда облысы үшін 1,7 млрд. теңге бөлінді, игеру 1,5 млрд. теңгені құрады және 693 ШҚ төленді. «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін азық тасымалдауға жеңілдікті тарифтерді нарықтағыдан 77% - ға төмен деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.