USD
USD
USD

Ашынған жұрт жолды жауып тастады – Ирак

Ирак астанасы Бағдат пен елдегі екінші ірі қаласы Басра арасындағы тасжол жабылып қалды. Оны ашуға булыққан жұрт бөгеп тастаған. Олар үкіметтен жергілікті мұнай компанияларына  жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұған дейін билік уақытша келісім-шарттарды тұрақты жұмыс орнына ауыстырамыз деп уәде берген, бірақ әлі күнге дейін орындалмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашынған жұрт жолды жауып тастады – Ирак
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол жабылғаннан кейін компаниялардың жұмысшылары қалаға кіре алмай қалды. Оқиға орнына полиция жасағы тартылды. Басра провинциясында Ирактағы мұнай қорының 70 пайызы орналасқан.

Аммар Әл-Заиди, наразы топтың өкілі:

- Үкімет пен депутаттар біздің талабымызды мүлде елең қылмай отыр. Жолды жабудан басқа бізде амал жоқ. Осы жерде құрбан болсақ та,  айтқанымыздан қайтпаймыз. Әділетсіздікке әбден тойдық.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес