USD
USD
USD

Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Сенат спикері Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден Буча қаласы мен басқа елді мекендерде болған жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Бұл үлкен трагедия. Болған жағдайды Украина жағы геноцид деп жатқанын естіп жатырмыз. Ал Ресей тарапы мұны жалған деп отыр. Сондықтан БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың аясында комиссия құрылады деп ойлаймын. Осы комиссия жан-жақтан барлық ақпаратты объективті түрде жинап, халықпен кездесіп, сол жаққа барып, ақпарат таратса дұрыс болар еді", - деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Әшімбаев Бучада болған оқиға - үлкен трагедия екенін атап өтті.

"Бейбіт тұрғындар қаза тапты. Сондықтан, оның қалай болғаны, неге бұлай болғаны туралы сұрақтар аясында халықаралық ұйымдар айналысу қажет. Менің ойымша, бұл жерде эмоцияға жол бермей БҰҰ аясында тергеу жүргізу орынды болады. Мұндай мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялар да, халықаралық шарттар да бар. Бұл жерде БҰҰ қамқорлығымен тиісті жұмысты дұрыс ұйымдастыратыны сөзсіз. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегі ресми ұстанымын сұратқан және алған дұрыс", - деп толықтырды Сенат Төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов