USD
USD
USD

Әшімбаев мұнайдың арқасында ғана "алға басатын" экономиканы сынады

Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев үш жылдық бюджетті қарау барысында тек мұнай бағасының қымбат болуына байланған экономиканы сынға алды, деп жазады inbusiness.kz. 

Әшімбаев мұнайдың арқасында ғана "алға басатын" экономиканы сынады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Ол геосаяси шиеленіс жалғаса беретінін айта келе Қазақстан оларға дайын болуы және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды іздеуі керегін айтты.

"Бүгінде экономиканы несиелендіру жалпы ішкі өнімнің 25% деңгейінде қалып отыр. Азды-көпті дамушы елдерде бұл көрсеткіш 60-70% деңгейінде. Мысалы, Сингапурда, Кореяда, бірқатар Еуропа елінде – 150%. Осы жылдар бойы біз экономикамызды несиелендірумен айналыстық. Бұл үшін шамамен 14% жоғары пайыздық мөлшерлеме де жұмыс істейді. Бұл Үкіметтің инфляцияны тежеудің негізгі тетігі екенін түсінеміз. Бірақ сыртқы қатерлер сақталатын болса, онда біз мұндай жоғары пайыздық мөлшерлемемен экономиканы дамыта алмаймыз", – деді Сенат спикері.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?

.

Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып кеткен

Бауыржан Қабдолданов

Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылысты 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

Алматы әуежайы

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ

Инвестиция