USD
USD
USD

Ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады 

Елордада 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады. Авто-кинотеатр аумағына келушілер санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған іс-шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтеді. Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады. «Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық норманы ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы керек, әлеуметтік арақашықтықты ұстанған жөн», - деді ұйымдастырушылар. Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады. Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30-да басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30-да басталады.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы