Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ашхабадта дәрігерлерді үйге жібермей жатыр

Түркіменабад қаласында аурухана дәрігерлерінің COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталған. Аурухана алғаш рет аурудан сақтану киімдерін алды. Ал Ашғабад қаласында дәрігерлерді бір аптадан бері үйге жібермеген.

Ашхабадта дәрігерлерді үйге жібермей жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркіменстан үкіметі елде коронавирус тіркелгенін ресми түрде хабарлауы мүмкін. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап жабарлады. Азатлыктың Лебап уәлаяты денсаулық сақтау басқармасындағы дереккөзінің хабарлауынша, 8 маусымда облыстағы ауруханадабір қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оны отбасымен бірге карантинге отырғызған.

11 маусымда аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі қоршалғаны туралы ақпарат түсті. «Клиника жұмысшылары анализ тапсырып жатыр. Бірақ оларға нәтижесін хабарламаған. Аурухана 14 күндік карантинде» деді Лебап уәлаятындағы дереккөз. Осы оқиғадан соң облыстық ауруханаға алғаш рет арнайы киімдер жеткізілді. Бұған дейін дәрігерлер сақтық заттарын өздері сатып алып жүрген.

Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерін үйге жібермей жатыр. Оларға телефон қолдануға да рұқсат бермеген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА