USD
USD
USD

Асхат Оралов: Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек

Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті.

Асхат Оралов: Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңдағы өзгерістерге сай партияның басты бағдарламалық құжаттарын қайта қарау қажет деп ойлаймыз. Ең әуелі партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Партияның және оның филиалдары Төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы қызметі енгізіледі. Партияның стратегиялық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де өте маңызды», – деді А. Оралов.

Оның айтуынша, қазіргі күні арнайы жұмыс тобы «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларын қайта қарауға кірісті.

Қазір оқып жатыр

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы