USD
USD
USD

Асхат Аймағанбетов: Қайтыс болған мұғалімнің үйіне көңіл айтып бардық

Бүгін Үкіметтің жалпы отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов біліктілік тестін тапсыруға келіп, емтихан кезінде көз жұмған мұғалімінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады.

Асхат Аймағанбетов: Қайтыс болған мұғалімнің үйіне көңіл айтып бардық
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оқиға  14 сәуір күні Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде орын алған. « Біз әр нәрсені БАҚ өкілдеріне айта бермейміз. Әрине, қайтыс болған мұғалімнің үйіне көңіл айтып бардық. Олардың айтуынша, қаза тапқан әріптесіміз сол күні өзін жайсыз сезінген, десе де тест тапсыруға өзі ниет білдірген. Өте білімді маман болған» - деді министр өз сөзінде.

Асхат Аймағамбетов айтуынша, бұл мұғалімге емтиханды тапсыру міндетті емес еді, бірақ ол өзінің біліктілігін дәлелдеу үшін тест тапсыруға өзі шешім қабылдаған.

«Біліктілік тесті кеңес заманынан келе жатқан тәжірибе. Бірақ 2018 жылға дейін мұғалімдер 1 папкаға құжат жинап, өзінің деңгейін дәлелдесе, енді 2 кезеңнен тұратын тест тапсыруы қажет. Бұл кей адамдарға ұнамауы мүмкін, алайда бұл қажетті жұмыс, сол арқылы біліктіліктерімен қатар, жалақыларын да көтере алады» - деді министр.

 Сонымен қатар, Асхат Аймағанбетов: «Бұл тест міндетті емес екенін баса айтамын. Тестті тапсырмаған мұғалім мектепте ары қарай, еш кедергісіз жұмыс істей береді. Әркім өзі үшін тапсырып отыруы шарт»- деді білім министрі.

 Бұл тест 5 жылда 1 рет тапсырылады. Одан сәтті өткен ұстаздар айлығынан бөлек, 30-50 пайыз үстемақы алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy