Асхат Аймағамбетов жемқорлықты қалай жоюға болатынын айтты
Жоғары оқу орнында жемқорлық фактісі қайталанған жағдайда ол оқу орнынан лицензияны қайтаруға дейінгі норманы қабылдауға дайынбыз. Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.
Алматы, NEGE. «Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу керек. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Біраз университет оны бүгін жойды деп айта аламыз. Бұл мәселеден мүлде аулақ жүрген университеттер бар. Сондықтан университеттің басшысы қаласа мұндай проблеманы жоюға болады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша жемқорлықты ауыздықтау – әрбір оқу орнында қабылданған саясатқа байланысты.
«Егер кейбір университет бұл мәселені жойса, басқа университеттердің бұл іс қолынан келмесе, онда басқа сұрақ пайда болады. Неге біреудің қолынан келеді, басқасының қолынан келмейді? Тиісті бағыт бойынша жаңа лицензияны тоқтатуға дейінгі ұсыныс болды. Жемқорлық қайталанған жағдайда лицензияны қайтаруға дейінгі норманы зерттеу керек. Егер заң жүзінде орындалатын, зерттеу мұның дұрыс шешім екенін дәлелдесе, біз мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені қазір жемқорлықты ЖОО-да жою керектігі қанша айтылып жатқанымен, проблема әлі де бар. Оны түбегейлі шешуіміз керек», - деді министр.