USD
USD
USD

Асхат Аймағамбетов: Қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуіне қатысты пікір білдіре отырып, жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашық екенін мәлімдеді.

Асхат Аймағамбетов: Қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл шешім Білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады әрі осы саланы дамытуда Президенттің алға қойған міндеттеріне назар аударуға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалдым. Бұл - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын үлкен сала. Осы бағыттарды одан әрі дамыту үшін алда бірқатар міндет тұр», - деді министр.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айты.

«Президенттің тікелей қолдауының арқасында көп жұмысты, соның ішінде педагогтердің, оқытушылардың жалақысын көтеру, саладағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру бойынша жұмыстарды шешуге мүмкіндік болды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Жұмысымызда тиімділікті, әділдікті және ашық болуды қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді. Десе де, қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес. Проблемалар бар. Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жаңа айыптар тағылды

Адам ұрлау