USD
USD
USD

Асхат Аймағамбетов Қазан мектебіндегі атысқа пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді.

Асхат Аймағамбетов Қазан мектебіндегі атысқа пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым» деп жазды министр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайдағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселесі де аса маңызды. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты.

«Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл - үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет» деп түйіндеді сөзін Білім және ғылым министрі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер