Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Асхат Аймағамбетов трансвеститтер клубына барғаны үшін жұмыстан кеткен мұғалімдерге араша түсті

Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барып, жұмыстан шығып қалған қызылордалық мұғалімдерге араша түсті, деп хабарлайды КТК. 

Аймағамбетов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Екі мұғалім ақысыз демалыс алып, Түркиядағы трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері осы жағдайдан кейін жұмыстан кеткен болатын. 

Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды. 

"Мұғалімдер де – бәріміз сияқты адам. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек. Ал бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек", – деді Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық