USD
USD
USD

Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды

Танымал тележүргізуші, актриса Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды. Бұл туралы өзі Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мен "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде "Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" деп жазылыпты. Осы ретте еңбегімді жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіремін", - деді Аша Матай.

Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті.

Аша Матайдың шын есімі – Ақбота Асқарбекова. 1988 жылы Алматыда заңгерлер отбасында дүниеге келген. "Шабыт" және "Жаһан дала" гран-приінің иегері.

Актриса "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "Обратная сторона", "Коктейль для звезды", "Настоящий полковник", "16 қыз" фильмдеріне түскен. Ол көпшілікке атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ретінде жақсы таныс.

2015 жылы Mysterions тобының мүшесі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шықты. Екі баласы бар.

Қазір оқып жатыр

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі