USD
USD
USD

Аша Матай Құрылтай депутаттығына кандидат болудан бас тартқаны рас па?

Танымал әнші, актриса Аша Матай әлеуметтік желіде өзі жайлы тараған қауесетке байланысты мәлімдеме жасап, Құрылтай депутаттығына кандидаттықтан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Аша Матай
Фото: instagram.com/asha_matai

Астана, NEGE. Тележүргізуші әлеуметтік желіде тараған ақпаратты кейбіреулердің әдейі таратқанын атап өтті.

«Кейбіреулер "Аша Матай депутаттықтан бас тартты" деп халықты шатастырып, мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Әрине бұл мәселе тапсырыспен жасалып жатыр. Мен Құрылтай депутаттығына үміткермін», – деп мәлімдеді ол.

Аша Матай өзінің депутат атанатынына сенімді екенін жеткізіп, оқырмандары мен тыңдармандарын қолдау білдіруге шақырды. Сондай-ақ олардың үнін Құрылтайға жеткізуге уәде берді.

«Маған сенген адамдар, азаматтар, оқырмандарым, тыңдармандарым, өздеріңіздің мұң-мұқтаждарыңызды айтыңыздар, жазыңыздар, сенім артып, қолдаңыздар. Сіздердің маған артқан жүктеріңізді Құрылтайға арқалап барамын, сіздер үшін күресемін. Мен сынбаймын, жігерім мен мінезім жетерлік», – дейді депутаттыққа үміткер әнші. 

Еске салсақ, Аша Матайдың есімі Қазақстан Халық партиясының атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған 72 кандидаттың тізіміне енгізілген болатын. Кандидат ретінде ұсынылған Аша Матай Құрылтай құрамына өткен жағдайда мәдениет, балаларға арналған анимациялық контент және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді көтеруге ниетті екенін айтты.

Алайда көп ұзамай ол заңгер Мейірман Шекеевпен ашық пікірталасқа түсуден бас тартатынын мәлімдеп сынның астында қалды. Әнші бұл шешімін анасынан алған тәрбиесімен түсіндіріп, ер адамдармен сөз таластыра алмайтынын алға тартты. Алайда Құрылтай депутаттығына кандидаттың тәрбиені желеу етіп, ашық пікірталасқа түсуден бас тартуын кейбір қазақстандықтар қолдай қойған жоқ. Кәсіпкер Лаура Вайгорова мұны қазақстандық әйелдерге жасалған құрметсіздік ретінде бағалады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның мемлекеттік қарызы үш айда 1,65 трлн теңгеге өсті

Ақша

TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды

жаза

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы