USD
USD
USD

Аша Матай, Бейбіт Әлібеков және Азат Перуашевсыз: Партиялар Құрылтайға баратын депуттар тізімін жариялады

Сайлауда межеден асыра дауыс жинаған партиялар Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін депутаттардың тізімін бекітті. Әзірге төрт партия ғана Құрылтайға баратын депутаттарының тізімін жариялады.

Парламент отырысы
Фото: Парламент отырысы, primeminister.kz

Астана, NEGE. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлау қорытындысы бойынша 5,11% дауыс жинап, Құрылтайдан 8 орын иеленген болатын. Партия Президиумы отырысының қорытындысы бойынша заң шығарушы органда өкілдік ететін кандидаттар тізімін ұсынды. Олар:

  1.  Асхат Рахымжанов;
  2. Мақсұт Насибулов;
  3. Нұрайнаш Камалова;
  4. Лариса Ли;
  5. Аслан Құлмағамбетов;
  6. Арман Ақылбай;
  7. Наурыз Сайлаубай;
  8. Ажар Сағандықова.

Асхат Рахымжанов, Наурыз Сайлаубай және Ажар Сағандықова Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары болған.

Respublica партиясына Құрылтайдан 9 орын бұйырды. Фракцияның болашақ құрамында VIII шақырылымдағы Мәжілістің бес депутаты Құрылтайда парламенттік жұмысын жалғастырады. Ал тағы төрт кандидат алғаш рет Құрылтай депутаты атанбақ. Атап айтқанда:

  1. Бекжан Айтқұлов;
  2. Руслан Идрисов;
  3. Мейрхат Қасымбаев;
  4. Олжас Құспеков;
  5. Динара Наумова;
  6. Екатерина Смолякова;
  7. Нұргүл Тау;
  8. Махамбет Хасенов;
  9. Айдарбек Қожаназаров.

Партиялық тізім бойынша сайлауға қатысқан блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен «Ирина Кайратовна» тобының өкілі Азамат Марклен бұл тоғыздыққа енбеген.

«Ақ жол» демократиялық партиясы да сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайдан 8 мандат алды. Партия атынан баратын депутаттар тізімі:

  1. Дәурен Ахметжаев;
  2. Бақтыбек Бибаев;
  3. Дания Еспаева;
  4. Асылхан Қожахметов;
  5. Юрий Ли;
  6. Олжас Нұралдинов;
  7. Мейраш Шынасылова;
  8. Ермекқали Юсупов. 

Тізімге енген Дания Еспаева, Олжас Нұралдинов және Юрий Ли Мәжіліс депутаттары болған. Еспаева депутаттықпен қатар, вице-спикер қызметін атқарды.

Сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болып, Құрылтайдан 110 орын алған «Әділет» партиясынан кейінгі екінші орында тұр. Партия атынан Құрылтайға баратын депутаттар мыналар:

  1. Қайрат Айтуғанов;
  2. Байманов Шахмардан;
  3. Захира Бегалиева;
  4. Серік Егізбаев;
  5. Мұрат Іргібаев;
  6. Ажар Каджибекова;
  7. Владимир Киян;
  8. Алмас Мұхаметов;
  9. Динара Райханова;
  10.  Рабиға Тоқсеитова.

Бұл тізімнен Серік Егізбаев VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты әрі «Ауыл» фракциясының жетекшісі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын 28 тамызға шақырды.

Еске салсақ, 23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. 25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс берудің түпкілікті қорытындыларын жариялады. Сайлау қорытындысы бойынша 71,17% дауыс жинаған «Әділет» партиясы жеңімпаз атанды. Бұл партияға 6 528 948 адам дауыс берген.

Сайлау нәтижесінде Құрылтайда «Әділет» партиясы – 110, «Ауыл» – 10, Respublica – 9, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партиялары 8 орыннан иеленді.

Сайлаушылар дауысының 5 пайыздық шегін жинай алмаған Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтайға өтпеді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Білім министрлігі

Ерлан Қарин енбеген: «Әділет» Құрылтайға өткен 110 депутаттың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана