USD
USD
USD

Әсет Исекешев қандай қызметке келді?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Әсет Исекешев қандай қызметке келді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы Қарағанды қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады. 1995-1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-1998 жылдары). 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2003 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2006 жылдан бастап «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры. 2008 жылғы наурыз-мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009 жылғы мамырдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2010 жылдың наурызынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 6 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. 2016-2018 жылдары Астана қаласының әкімі. 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін атқарды. 

Қазір оқып жатыр

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция