USD
USD
USD

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі атанды

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі сайтындағы дерекке сүйенсек, Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген.

2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Әр жылдары «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, Ұлттық экономика вице-министрі, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық экономика министрі болған.

Кейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымдарын атқарды.

2025 жылғы 28 ақпаннан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне кіріскен.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

.

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Теңізшевройл