USD
USD
USD

Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.

2001-2003 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

 2008-2016 жылдары — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық