Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әселдің стартап жобасы Канадада топ жарды

  Қазақстандық Әсел Беглинованың стартап жобасы Канададағы Google for Startups тарапынан үздік деп танылды.

Әселдің стартап жобасы Канадада топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Әсел Беглинова есімді отандасымыз Канадада кәсіпкерлерге көмектесетін сервис ойлап тапты. Оның стартабы Канада мен Америка Құрама Штаттарындағы жүздеген компаниялар арасында топ жарып, үздік атанды», – деп жазды ведомство басшысы.

Ол Google for Startups акселераторы Қазақстанда, атап айтқанда Astana_hub-та да бар екенін атап өткен. Оның құрылтайшылары Орталық Азияның барлық елдері, Моңғолия және Әзірбайжан арасында таңдау жасап, бізді өңірлік серіктес ретінде таңдаған. «Яғни, Astana Hub және Google for Startups ұсынған Silkway акселерациялық бағдарламасына Орталық Азия, Әзербайжан және Моңғолия елдерінен Product/market fit сатысында стартап-компаниялар қатыса алады. Іріктеу нәтижелері бойынша 15 үздік жоба Нұр-Сұлтан қаласында өтетін және 3 айға созылатын акселерацияға тегін қатыса алады. Стартапыңызды жаңартқыңыз, және одан әрі дамытқыңыз келсе, 12 маусымға дейін тіркеліп үлгеруге мүмкіндігіңіз бар», – деп хабарлаған Бағдат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті