USD
USD
USD

Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты істің үкімі өзгеріссіз қалды

Қазақстандық Әсел Айтпаеваның қайтыс болуы туралы іс бойынша үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі. 

Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты істің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі оған тағылған айып бойынша М-нің  кінәсінің дәлелденуіне байланысты өзгеріссіз қалды», - делінген хабарламада.
    
Тамыз айының басында елордалық сот Мұрат Мейірбековты «Зорлау» және «Адам саудасы» баптары бойынша кінәлә деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда үкімге сотталған М. мен оның қорғаушысы шағымданған. Олар оны ақтауды және ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Үкім заңды күшіне енді.

Іс бойынша,  Мейірбеков Әселге Грузия Республикасында айына 500 АҚШ долларында жалақысы бар  жұмыс істеуін ұсынған және оның Қазақстаннан Грузияға ұшып келуіне ықпал еткен.

«М. пәтерінде, жәбірленушінің ұйқылы жағдайын пайдаланып, оның еркіне қарсы, дәрменсіз күйін пайдалана отырып, жәбірленушіні зорлаған. Кейін М. пайда алу және оның қызметіне қамқор болған Грузия азаматы Б-ның тарапынан оған оң көзқарас танытуы мақсатында Грузия азаматы Б-ға әрі қарай сексуалдық пайдалану  үшін А-ны тапсырған», - деп атап өтілген ақпаратта.

Кейін Әсел өзіне қатысты зорлық-зомбылықты одан әрі болдырмау үшін үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секіріп, оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу