USD
USD
USD

«Асар-2» шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам биыл ауыз сумен қамтылады

Жеті жылдам астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағын ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сапалы ауыз сумен қамтылады.

«Асар-2» шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам биыл ауыз сумен қамтылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 

«Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен аяқталып, Асар-2 шағын ауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесіде тартылуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар