USD
USD
USD

Asar Baspana қаржы пирамидасы бойынша іс сотқа жолданды

Алматы қаласының прокуратурасы Asar Baspana қаржы пирамидасы қызметіне қатысты іс бойынша тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады.

қаржы пирамидасы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.

Ресми дерек бойынша, қаржы пирамидасы қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.

«Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражат қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі есепке алынбаған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды», – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.

Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу туралы уәделерге сенбеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық