USD
USD
USD

Асанәлі Әшімов көлік нөміріне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде абыз актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео шу тудырды. Актер мемлекеттік нөмірдің орнына өз есімі жазылған нөмір тағып алған. Әшімов көптің сынына жауап берді, деп хабарлайды “Қазақстан” Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасы.

 Асанәлі Әшімов көлік нөміріне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Актердің айтуынша, ол ерекше нөмірді тек кино түсірілімі үшін таққан. 
"Құрметті әлеумет, әлеуметтік желіде шулап жатқан менің көлік нөмірім. Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой. 

Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда, көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе", - деп түсіндірді Асанәлі Әшімов.

Айта кетейік, мемлекеттік нөмірдің орнына, Асанәлі Әшімовтің есімі жазылған көлік түсірілген видео желі қолданушыларының талқысына түскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер