USD
USD
USD

Асанәлі Әшімов дауыс берді

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов Алматы қаласындағы «Самал» шағын ауданында орналасқан №382 сайлау учаскесіне барып, Президент болуға лайықты санаған үміткерін таңдады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Асанәлі Әшімов дауыс берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл — бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес деген. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп мен сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын», - деді Халық әртісі.

Айта кетейік, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев