Асан Пердешов жарын неге жасырып жүр?
Өнер иесі осыдан бір жыл бұрын екінші мәрте шаңырақ көтерген еді. Алайда, Асанның таңдауы кәмілеттік жасқа толмаған Әнел есімді бойжеткенге түскен. Содан болар, 15 жастағы қызды өмірлік жар еткен Пердешов жұбайының жасы жайлы айта бермейді.
Асан Пердешовтің жары жақында 16 жасқа толып, төлқұжатқа қол жеткізген көрінеді. Осы уақытқа дейін әнші журналистерге жеке өмірі жайлы ашып айтқан емес. «Әйелім қазір 2-ші курс студенті. Жақында ғана туған күні болды. Дүркіретіп тұрып тойладық. Менде бәрі жақсы. Сүйіктім жанымда. Қандай жағдай болмасын қолдау көрсетіп, демеп отырады», - деген Пердешов жас келіншегімен су жаңа жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жүр.
Бірінші некесі сәтсіз аяқталған соң екінші рет отбасын құруда үлкен жауапкершілік танытқан. «Бірінші әйеліммен сүйіп қосылдық, бірақ тіл табыса алмадық. Ата - анамның да көңілінен шықпады. Сондықтан қазіргі жарыммен отбасын құрмас бұрын, ең алдымен үйге әкеліп, жанұяммен таныстырдым. Анам бірден ұнатты», - дейді. Шоу-бизнес әлемінен көп көрінбей кеткен Асан мырза, алдағы уақытта репертуарын жаңартпақ ниетте.