USD
USD
USD

Асан Дарбаев Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асан Дарбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген.

2005 жылдан 2006 жылға дейін Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.

2006–2009 жылдары — монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман.

2010 жылы «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс істеді.

2013–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызмет атқарды.

2015–2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян