USD
USD
USD

Асабаларға айыппұл салынды

Қазір індеттің қайтадан өршуіне қарамастан той өткізіп жатқандар көп.

Асабаларға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Атыраулық асабаларға айыппұл салына бастады. Қазір жұртты жасырын жинап, той жасайтындар азаймай тұр. Сол мерекелік шараның өтуіне атсалысатын асабаларға енді шара қолданылады. Би топтары мен фотограф, бейнеоператорлар да жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазір осындай деректер бойынша Атырауда 3 асабаға хаттама толтырылған. 

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ бас маманы Бақытбек Хамза: "Мейрамханада және үй жағдайында өткізіп жатырған 3 жағдай тіркелді күні бүгін. Сол асабаларға қатысты ҚР ҚК-нің 425-бабы 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Тағы да 2 әкімшілік іс қаралуда. Ол тұлғалар басқармаға келмегендіктен қазір іздестірілуде. Яғни басқармаға келу жолдары қарастырылуда", - деді.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайымен жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль