USD
USD
USD

Аса ірі көлемде қаржы жымқырған «Almaty Kuat» ЖШС директоры сотталды

«Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады ҚМА.

Аса ірі көлемде қаржы жымқырған «Almaty Kuat» ЖШС директоры сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды.

Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген. Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды.

Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтарға қамауға алынды.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон