Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды.

күдікті
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2022–2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың қарашасында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға алаяқтық үшін Ресейден 5 адам, Германия, Польша, Сербия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан және Беларусьтен 1 адамнан, барлығы 11 адам экстрадицияланған. 

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант