Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «Ж»-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады.

Экстрадиция
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктініңжасырынуына байланысты ол халықаралық іздеугежарияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі