USD
USD
USD

Арзан пәтер алып беремін деп алдаған: «Отбасылық капитал» пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды

«Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін ҚМА астаналық департаменті әшкереледі.

Арзан пәтер алып беремін деп алдаған: «Отбасылық капитал» пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.

Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған. Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім