USD
USD
USD

Аружан Сағындықова үшінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Аружан Сағындықова үшінші айналымға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 17 жастағы Аружан ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге екінші айналымда грекиялықтар Михаэла Лаки - Димитра Павлумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары чехиялықтар Луция Гавличкова-Доминика Шалкова және канададықтар Кайла Кросс-Виктория Мбоко арасынан анықталады.

Осылайша А.Сағындықова Қазақстан теннисі тарихында рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Бұған дейін «Үлкен дулыға» жарысының жасөспірімдер турнирінде ешкім үшінші айналымға шығып көрмеп еді.

Тағы бір қазақстандық, 16 жасар Максим Батютенко жекелей сында екінші айналымда литвалық, Уимблдон жасөспірімдер турнирінің жұптық сындағы 2021 жылғы жеңімпазы Эдас Бутвиласқа жол берді - 6:7 (5:7), 3:6.

Қазір оқып жатыр

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.