USD
USD
USD

Артур Төлепов: «Барлық түсірілген фильмнің басты рөлін сомдауға лайықпын!»

Артур Төлепов қазақстандағы танымал жас актер.  Тележүргізуші, әнші, шоумен. «Жау жүрек мың бала» фильмі талай жас актердің бағын жаққаны жасырын емес. Соның арасында өнерге деген құштарлығы бала кезден басталған өнер өкілі Артурда бар. Талантты актер Қазақстандағы таспаланған кез-келген туындында басты рөлді сомдауға лайық екенін айтты.

Артур Төлепов: «Барлық түсірілген фильмнің басты рөлін сомдауға лайықпын!»
Фото: NEGE.kz

Бұлай деуінің себебі Артурдың менмендігі емес, кәсіби деңгейде кез-келген картинаға түсуге дайын екендігі. Жалпы актер еліміздегі ең таңдаулы әртістер қатарында. Оның жұлдызын жандырған Ақан Сатаевтің түсірген "Жау жүрек мың" бала картинасы болатын.

Қазір Артур Төлепов  өмірін түбегейлі өзгерткен осы сынды тарихи картинаға   түсуді ойлап жүр. Алайда «жаңа кинотуындыға түс» деп ұсыныс жасайтын режиссерлардың  көп еместігін алға тартады.

«Менің бағымды ашқан сол фильм. Жау жүрек мың баладан кейін  тарихи туындыларға түскен жоқпын. Телехикаяларда өнер көрсеттім. Кез-келген фильмнің өз қиындығы мен қызығы бар. Барлығы тәжірибе. Бірақ «Жау жүрек мың бала» бір бөлек әңгіме», – дейді  Артур Төлепов.

Әке атанған  өнерпаз қазір әншілікті де қолға алды. Осы уақытқа дейін бірнеше бейнебаяндарын көрермендерге ұсынды. Қазіргі таңда той томалақ одан қалды фильмдер арқылы табыс тауып жүрген жайы бар. Продюссерсіз артисті  таныс тамыр аштан қалдырып жатқан жоқ. Арзан атаққа қызықпайтын актердің әзірге елді таң қалдырмақ жоспары жоқ. Тіпті   бүгін шулап, ертең ұмытылатын арзан хайп ұстағысы келмейді. Тек тағдырдың бергеніне иланады. 

Ұлжан Айнақұлова

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Крокус сити холлдағы терракт

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл