USD
USD
USD

Әртістік жүзуден әлем кубогінде Қазақстан тағы бір алтын жеңіп алды

Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz.
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.

Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтыны.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек