USD
USD
USD

Артық төлегіміз келмейді: Сәпиев Олимпиаданың отандық телеарналардан не себепті көрсетілмейтінін түсіндірді

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздер туралы айтып берді.

Артық төлегіміз келмейді: Сәпиев Олимпиаданың отандық телеарналардан не себепті көрсетілмейтінін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Серік Сәпиевтің айтуынша, Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания Қазақстаннан өте үлкен сома сұраған.

"Көрші республикалар трансляция үшін төлеген соманы білдім, әлдеқайда төмен болды. Мысалы, Қырғызстан ақпараты бойынша, олар бар болғаны 100 мың доллар төлеген. БАҚ-та Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпаратты көрдім. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Қазақстандағы Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін артық төлегіміз келмейді. Сондықтан қазақстандық телеарналарда трансляция болмауы мүмкін деген мәселе туындады. Шешімі әлі белгісіз, келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақында нақты ақпарат береміз", – деді спорт комитетінің басшысы.

Олимпиаданы трансляциялау туралы келіссөздерді "Қазақстан" корпорациясы мен "Хабар" АҚ жүргізген. Бұған "Қазақстан" РТРК өкілдері трансляция лицензиясының бағасын 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123 пайызға артық белгіледі деп мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы