USD
USD
USD

«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері “АрселорМитталТеміртау” АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азаматпен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына “Адам өлтіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалған

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе